“Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру бағдарламасының 4 жылдығына арналған «Рухани жанғыру – ой-сананың кемелденуі» кітап көрмесі

Бүгін “Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру бағдарламасының 4 жылдығына орай Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Бурабай Аудандық Мәдениет Үйі ұымдастыруымен өткен мерекелік шараға “Орталықтандырылған кітапханалық жүйе” кітап көрмесін ұйымдастырды. «Рухани жанғыру – ой-сананың кемелденуі» атты көрмесі бірнеше бөлімінен құралды: «Дәстүр мен ғұрып», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Туған жер», «Қазақстан киелі географиясы». Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына орай «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» атты кітап көрмесінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына кітаптардан инсталляция қойылды. Сонымен қатар, «Бір ел-бір кітап акция» бойынша 30 кітап ролапы, QR кодпен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» кітаптары және ҚР Конституциясы макеті қонақтардың назарына ұсынылдыСондай – ақ, “Бурабай ауданының ауыл энциклопедиясы”, “Ауылдық кітапхана-мәдени-ақпараттық орталық”, “Ашық аспан астындағы кітапхана”, “Автор және оқырман”, “Досым оқыған кітап”, “Ұрпақтар жалғастығы” (отбасылық оқуды жандандыру), “Өлкетану қоры-электронды форматта” жобалары бойынша 4 жыл ішінде жүргізілген жұмыстар туралы түрлі-түсті альбомдар ұсынылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған