«Ұйқыашар» тағамын не үшін жасайды? онлайн – блиц турнир

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні». Бұл күні әр үйдің дастарханында ұлттық тағамдар самсап тұрады. Қазақ ас мәзіріндегі көптеген тағам түрлері әзірленеді. Ал этнографтардың айтуынша, қазақта тағамның 200-ден аса түрі болған. Ұмыт бола бастаған, кең таралмаған тағамдарды жасаудың әдістері үйретіледі. №2 қалалық кітапханасы Ұлттық тағамдар күніне арналған «Ұйқыашар» тағамын не үшін жасайды? және «Ұлттық тағамдар күніне арналған блиц- турнир өткізді. Оқушыларды слайд- бейнешолу арқылы «Ұйқыашар», «Селтеткізер» дәстүрімен таныстырып, қазақтың ұлттық тағамдары жайлы айтылды. Оқушылар өз- ой- пікірлерін ортаға салып, белсенді қатысып және «Ұлттық тағамдарды біле жүрейік» атты блиц- турнирде оқушылар екі топқа бөлініп сұрақтарға жауап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған