«Балалардың оқу сауаттылығы» ашық диалог сұхбаты

Бурабай ауданының орталық аудандық балалар кітапханасы ZOOM платформасы арқылы «Балалардың оқу сауаттылығы» атты ашық диалог сұхбатын өткізді. Негізгі мақсаты: балалар әдебиетін насихаттау, оқырманның оқу сауаттылығын ояту және оқу мәдениетін қалыптастыру. Ашық сұхбатқа Бурабай ауданының ОКЖ директоры Н.Қ. Рамазанова, кітапханашылар, № 7 мектеп лицейінің кітапханашысы Н.Б. Сарсенбаева, педагог психолог мұғалімі Л.Ө. Бексұлтанова, № 11 IT – мектеп лицейінің кітапханашысы Л.С. Бозаева, қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Б.М.Тулегенова, балалар кітапханасының оқырманы Г. Ибраева қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған