«Үздік оқырман 2020» байқауы

Қымбатты біздің оқырмандар! «Кітап – сенің ақылгөй, адал досың, Сен ерінбесең, ол саған ақыл айтудан ерінбейді, жалықпайды. Сен ала білсең, ол бере біледі. Кітап-барлық заманғы, барлық адам баласының ғажайып білім қазынасының қоймасы», деді жазушы Өтебай Тұрманжанов. Ия, шынымен де кітап еңбек пен білімнің, ынтымақ пен ырыстың асыл қазығы, алып арнасы. 2020 жылды қорытындылай келе, орталық аудандық балалар кітапханасының белсенді, тұрақты оқырмандарының ішінен ең үздік  оқырмандарын марапатталды. № 7 мектеп лицейінің 7сынып оқушысы Аманбаева Н., № 1 мектеп гимназиясының 6 сынып оқушысы Жусупов Аманат, №7 мектеп лицейінің 8 сынып оқушысы Маткенова Диляра.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған