1 желтоқсан – Тұнғыш Президент күні

Қазақсатан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқырмандарға өз Отанын , туған жерін  сүюге, қорғауға , сақтауға құрметеуге  тәрбиелеу мақсатында Бурабай ОКЖ-сінде әр түрлі іс-шаралар өтті

Орталық аудандық кітапхана 1 желтоқсан – Тұнғыш Президент күніне, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шығармашылык еңбектеріне арналған бейнедайджесті ұсынды.Негізгі мақсат Елбасының сан қырлы талант иесі, құдретті тұлға екенін, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқанын айта отырып  үлгі алуға тәрбиелеу.

Елбасының еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, жүргізген саясатын үлгі ету мақсатында Қатарқөл  ауылдық кітапханасы , №2 қалалық филиал  «Дәуірдің дара тұлғасы» ауызша журналдарын ұсынды.

Ұрымқай ауылдық кітапханасы Елбасының өмір жолымен шығармашылығын «Биография Лидера» танымдық сағатын ұсынды.

Веденовка модельдік кітапханасы Тұңғыш  Президент күніне орай «Человек – которому все удается» ақпараттық танымдық сағатын ұсынып, жас ұрпақты білімді, патриот болып өсуге шақырды.

Орталық аудандық балалар кітапханасы 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елімнің Тұңғыш Президенті» атты оқырмандардың бейне құттықтауын ұсынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған