“Нәтижелер, тәжірибежәне даму перспективалары” атты семинар-кеңес

Бурабай кентінің үлгілі кітапханасында 2021жылдың қорытындысы бойынша “Нәтижелер, тәжірибе және даму перспективалары” атты семинар-кеңес болып өтті. Оған Бурабай ОКЖ-нің барлық кітапханашылары қатысты. Ең алдымен үлгілі кітапханаға экскурия өткізіліп, кітапхана директоры Н.Қ. Рамазанова ОКЖ қызметіне талдау жасады. М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары Г.В. Савенкова БУРАБАЙ ОКЖ-нің 2021жылғы жұмысына алғысын білдіріп, көрсеткіштердің жоғары екендігіне, алдыңғы қатарлы кітапхана деп жоғары бағасын беріп, бейнеролик жолдады. Әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі З. К. Уразалимова, “Жоспарлау мен есеп беру”, “Кітапханақорлары: сақталуы, қалыптасуы” тақырыбында Е. М. Орлова , “Мобильдікітапхана” электронды кітаптар бойынша шеберлік сағатын библиограф А. Қ. Абдығожина, “Кітапхананың жаңа келбеті” атауымен презентацияны Бурабай кентінің үлгілі кітапханасының кітапханашысы С. Қ. Тюлембаева., “Үлгілі кітапхана-ақпараттық мәдени-демалыс орталығы” тақырыбы бойынша Веденовка ауылының үлгілі кітапханасының кітапханашысы Л. Г. Чирьева слайд бойынша таныстырып, есеп берді. Семинар кітапханашылар үшін ерекше көңіл-күйде өтіп, кітапханашылар тағылымы мол ақпарат ала алды. Семинар қорытындысында кітапханашылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған