Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, №4 қалалық кітапханасы №10 мектеп-интернатының 3 “а” сынып оқушыларымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты поэтикалық композициясын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар Отанымыз туралы өлеңдер оқып, үздік оқырмандарға грамоталар табыс етілді.

