Сүгір Әліұлы (1882 – 1961)

Сүгір Әліұлы (1882, казіргі Түркістан облысы Созақ ауданы — 1961, сонда) — күйші-композитор. Ықыластың шәкірті.
Жастайынан ел арасында «домбырашы Сүгір» атанды. Сүгірдің «Телқоңыр», «Майдақоңыр», «Шалқыма», «Ыңғай төк», «Қосбасар», «Бес жорға», «Боз інген», «Ілме», «Ақжелең», «Амангелдіге арнау», «Аққу», т.б. күйлері бар. Сүгір домбырада оң бүраумен қатар теріс бүрауды да пайдаланған, әрі төкпе күй мен шертпе күйлердің үздік шебері болған. Сүгірдің шерту әдістері мен күй сарынында Сарыарқаның шертпе күйлеріне үқсамайтын айрықша интонация бар. Ол домбыра үнін қобыз үніне жақындатып, Ықыластың көптеген күйлерін домбыраға түсірген. Сондықтан күйлерінде қобыз үні басым.

Сүгір – Қосбасар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған