Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1860 – 1930)

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (шын аты — Ыбырай) (1860, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы — 1930) — қазақтың халық сазгері, белгілі әнші (тенор) әрі ақын-импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі. Үкілі Ыбырай арабша сауатты болған, әнге, өлеңге құмар, ол қазақтың атақты әнші- ақындарынан (Шөже, Біржан, Ақан сері т.б.) үлгі-өнеге алып, олардың творчестволық дәстүрін бойына сіңірді. Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» (4 түрі), «Шалқыма», «Көкше», «Желдірме» т.б. 40-қа жуық әндері бар.
Ыбырай жасы үлкен Орынбай, Біржан, Ақандардың жолын қуған ізбасары. Аққумен аспандағы үн қосамын, Шығарсам ащы күйді түптен тартып,- деп толқындата ән салған Біржан салға арнап Үкілі Ыбырай «Шалқыма» деген әнін шығарған.
Халқымыздың ұлттық өнеріне үлес қосып, «Гәкку», «Сүйгенім кетіп барады қасыма еріп», «Қаракөз», «Қарақат көз», «Жиырма бес», «Жаймақоңыр», «Қараторғай», «Шалқыма», «Қалдырған», «Алтыбасар», «Аңшының әні», «Қызыл асық», «Сұлу Көкше» сынды әндерімен есімі ел ішінде жатталған қайталанбас дара тұлға, табиғи дарын иесі осылайша жарық дүниемен қоштасады. Шындық үшін шырылдаған ғазиз жан әділетсіздік пен саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болады. 1959 жылдың 22 желтоқсанында Үкілі Ыбырай ақталады. Оның әндері махаббат сезіміне, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Ел арасына кең тараған «Гәкку” әні Үкілі Ыбырай творчествосының шыңы болып табылады. Бұл әнді Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсында (Жібектің негізгі ариясы), ал «Арарай» әнін «Ер Тарғында» (Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай поэзиясы, тақырыбы жағынан сан- алуан болып, бір саласы жастық дәуренді жырға қосады. «Қызық ит жүгіртіп аң ауласа» өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді.
Ыбырай Сандыбайұлының өлеңдерін Сәбит Мұқанов «Бостандық туы» газетінде жариялап, оның шығармашылығына рецензия жазды, ал Ыбырайдың әдеби мұрасын сыншы Е.Исмаилов мұқият зерттеді. Драматург Ш.Құсайынов Ыбырайдың шығармашылығына арналған «Қайран Гәкку» поэмасын жазды.
Ыбырайдың мұрасында ақын Доскеймен, Есімбетпен, Қожахметпен және т. б. айтыстарда жазылған көптеген өлеңдер бар.
Үкілі Ыбырай тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, 1930 жылы қайтыс болды

Саян Мұхамедияр – Үкілі Ыбырай – ГӘККУ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған