Секен Тұрысбеков (1961)

Секен Кәрімұлы Тұрысбеков (1961 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында туған) —қазақ композиторы, күйші, домбырашы. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1989). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Көңіл толқыны күйінің авторы.
Сәкен Тұрысбеков – «Көңіл толқыны», «Боздақ», «Өкініш», «Ақжарма», «Ақ жауын», «Балауса», «Дарабоз», «Ұлы дала» және т.б. күйлерінің және «Аққу сазы», «Ерке құсым», «Көктемім менің», «Қоңыр қаз», «Шағала» әндерінің авторы.
Марапаттары: 1989 — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, 1992 — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 2011 — Құрмет ордені, 2017 — Парасат ордені.

Секен Тұрысбеков – Боздақ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған