Дина Нұрпейісова (1861 – 1955)

Дина Нұрпейісова (1861 – 1955) Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында туған. Қазақ халқының күйші-композиторы, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Динаның тырнақалды  «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. «1916 жыл», Дина күйлері өзінің ұлттық музыкалық бояуымен, терең психологиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Бұлардың қатарына атақты «Әсем қоңыр», «Тойбастар», «Ана аманаты», «Сегізінші март» т.б. жатады.
Қазақстанның халық әртісі (1944). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина Нұрпейсова тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Қазақтың күйші қызы Дина халық алдына соңғы рет 1952 жылы 91 жасында шықты. Ал 1955 жылдың 31 қаңтарында күйші Алматы қаласында дүниеден өтті.
Бүгінде күйші атында музыкалық мектептер мен көшелер бар.  Атырауда Д.Нұрпейісова атындағы облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылған.

Дина Нұрпейісова – Бұлбұл
Дина Нурпеисова – Красивая коричневая
Дина Нурпеисова – Жигер

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған