2. бағыт «Ұлттық бірегейлік және халықаралық көзқарас» Ұлттық бірегейлікті сақтау

Мақсаты: Ұлттың мәдени кодын сақтау

Арнайы жобалар:

1. «Қазақстанның киелі жерлерінің  географиясы»

2. «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»

3. «Дәстүр мен ғұрып»

Ұлттық бірегейлік және халықаралық көзқарас

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Веденовка, Успеноюрьевка ауылдық кітапханаларында «Алтын адам» тарихи- танымдық сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар балаларды Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен, «Алтын адамның» табылу тарихымен таныстырды, қызықты слайд көрсетті, «Ұлы даланың жеті қыры» кітап көрмесіне шолу жасады.

Веденовка ауылының модельдік кітапханасында “Шамшырақ” клубының жұмысы аясында”Ұлы Даланың көне металлургиясы” атты танымдық сағаты өтті. Іс-шара барысында слай көрсетіліп, «Ұлы даланың жеті қыры» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Орталық аудандық кітапхана№9 мектеп-гимназиясының оқушыларымен

«Ұлы өркениеттер- Ұлы дала»  атты тарихи ваяжын өткізді. Іс-шара барысында «Тарих заманына саяхат» атты бейнефильм көрсетілді.

«Асыл қазына» клубының жұмысы аясында Жоғары техникалық колледжінің студенттерімен және «Асыл қазына» клубының мүшелерімен Щучье тарихи-өлкетану мұражайында «Мұражай-тарих айнасы» атты экскурсия өтті.

Экскурсия барысында балалар Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты іргелі мақаласын, қазақтың ұлы ақыны, ойшылы А.Кұнанбаев, «Жауынгерлік және еңбек даңқы» залындағы экспонаттарды көрді.

Алтын Орданың 750 жылдығына орай Бурабай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарымен «Алтын Орда-Ортақ Тарих» атты тарихи-танымдық сағаты өтті, іс-шара барысында  Алтын Орданың тарихы туралы әңгімелесіп, «Алтын Орда -Ортақ Тарих» кітап көрмесіне шолу жасалып, «Айбынды Алтын Орда» деректі фильмі көрсетіледі.

 Отанымыздың мәдени және тарихи мұрасымен таныстыру мақсатында Савинка ауылының  кітапханашысы «Қазақстан – алманың отаны» атты тарихи-өлкетану сағатын өткізді, онда балалар Қазақстан алманың отаны, әлемдегі ең пайдалы және танымал жеміс екенін білді.

Желі қолданушы оқырмандарымызға «Легендарная магистраль Средневековья» виртуалды саяхат өтті. Саяхат барысында сауда мен  тауар алмасу, мәдениеттің өзара тығыздығы, Ұлы Жібек жолы туралы мәлімет берілді.

Қаражар ауылының кітапханасында “Қазақстан тарих беттерінде” атты брейн-ринг өтті. Оған “Эрудит” және “Қазақстан” командалары қатысты. Ойын 3 кезеңнен тұрды;”Разминка”, “Жорға”, “Сандық тапсырма”. Балалар сұрақтарға белсенді жауап бере отырып, білімдерін  көрсетті .

Н.Ә. Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласы бойынша «Ұлы дала мұрасы» тақырыбына Ақылбай ауылдық кітапханашысы бейне ролик ұсынды.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының 3 жылдығына осы жылдар бойғы жасалынған жұмыстар туралы бейне-ролик дайындалды.

Жобаның мақсаты: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, аймақтың әдебиетін насихаттау, Ақмола облысындағы жазушылар, тарихшылар, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, автор мен Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына “Тарихымның алтын дәуірі” атты видео презентация ұсынылып, Алтын Орданың құрылу тарихы, оны билеушілер жайлы айтылды.

Көкжиек” клубы аясында “Салт -дәстүр- тәрбие негізі” тарихи саяхат бойынша рухани және мәдени құндылықтарды нығайту мақсатында кітапханашы және оқырман әжеміз  қазақ халқының сал- дәстүрімен ырымы жайлы тәрбиелік мәні зор мағлұмат берді.

Желі қолданушы оқырмандарымызға «Легендарная магистраль Средневековья» виртуалды саяхат өтті. Саяхат барысында сауда мен  тауар алмасу, мәдениеттің өзара тығыздығы, Ұлы Жібек жолы туралы мәлімет берілді.

” Қазақстан-  алма  мен қызғалдақтың Отаны” танымдық слайд ұсынылып,Асқақ  Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың “тарихи отаны” екені, мән- маңызы зор осы өсімдіктер туралы көрсетілді.

Бұл форматта 6 іс-шара өтті.

Веденовка ауылдық кітапханасы, қалалық №3 филиал « Аң стилі»  танымдық слайдтарын өткізді. Желі оқырмандарына дала өңіріндегі аңдарды бейнелеу, аңдық стилдың пайда болуы, аңыздағы ғажайыптар жайлы айтылды.

Алтын Орданың 750 жылдығына орай ОАК,  Зеленобор, Баянбай , №4 филиал кітапханшылары“Тарихымның алтын дәуірі”,«Алтын орда-ортақ тарих»  бейне роликтер мен ауызша журналдар өткізді.

Алтын Орданың құрылу тарихы, оны билеушілер жайлы айтылды. Қазақ хандығының құрылуына 555-жыл толуына орай Бурабай ауылдық кітапхансы «Абылайдың ақ таңы» атты бейне ролигін ұсынды. Баянбай, Златополье  кітапханашылары  «Тарих ғасырлар куәсі» атты виртуады кітап көрмелерінде қазақ хандары жайлы, олардың еңбектерін ұсынды.

Шығыс ортағасырлық ойының данышпаны Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай №3 қалалық кітапханасының, Қарашілік,Ақылбай ауылдарының кітапханашылары “Әлемге әйгілі ғалым, ойшыл ӘбуНасыр Әл-Фараби” атты виртуалды кітап көрмесіне шолу жасады.

Әл-Фарабидің еңбектерінде ақынның, жаратылыстанушының, математиктің, дәрігердің, философтың және музыканттың көрнекті таланттарын үйлестіре отырып, білімнің әртүрлі салаларына көзқарас көрініс байқалады.

“Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын жүзеге асыру аясында Ұрымқай, Зеленый бор ауылдарының кітапханашылары “Алтын адамның таңғажайып құпиялары” бейне-экскурсиясын көрсетіп, онда Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық жаңалық – Қазақстан рәміздерінің бірі болған “Алтын адаммен” таныстырды.

Алтын Орданың 750 жылдығына орай Қатаркөл ауылының кітапханашысы”Алтын Орда” виртуалды кітап көрмесін ұсынып, Ілияс Есенберлиннің  қазақ ұлтының бастаулары туралы баяндайтын “Алтын Орда” немесе “Золотая Орда” атты кітап трилогиясына шолу жасады.Роман үш әңгімеден тұрады:” Алты бас Айдахар”,”Айдахардың алты басы”,” Айдахар өлімі ” және т. б.

“Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын жүзеге асыру аясында Наурызбай ауылының кітапханашысы “Атқа міну мәдениеті” атты бейнеролигінде  ата – бабалардың мәдени мұрасымен- жылқыны үй жануары  ету салт атты мәдениетінің бастауы болып, атқа міну мәдениетімен таныстырады.

“Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары” слайд-тұсаукесері Қазақстан халқының салт-дәстүрлері ( көрімдік, бата, сүйінші, қонағасы және т.б.) таныстырады. Қазақстан халқының салт – дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді, өйткені олар- ұлттың нағыз қазынасы болып табылады. Сондықтан оларды сақтап, балаларымызға жеткізу өте маңызды.

 Зеленый бор ауылының  кітапханашысы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласымен таныстыратын “Ұлы даланың жеті қыры” бейнепрезентациясын көрсетті.

Қазақстанның киелі жерлерінің  географиясы

«Асыл қазына» өлкетану клубы аясында Экология және орман шаруашылығы колледжстуденттерімен «Кенесары үңгірі –батырлар мекені» атты тарихи танымды кеш өтті. Мақсаты: Кенесары үңгірінің тарихын айту, Кенесары хан туралы мәлімет беру, тарихи шежіресі бай, тамаша өлкеміздің киелі жерлері туралы  ақпарат беру.

Тарихшы, ғылыми қызметкер Қайржанов С.М. Кенесары үңгірінің тарихи оқиғасын айтып, тұлғаның өмірімен таныстыры. Іс –шара барысында «Тамыры терең туған жер» атты  кітап көрмесі ұсынылып , шолу өткізіліп, видео, слайд көрсетілді.

«Жер жәннаты Бурабай»  атты онлайн форматта «Мұра» тарихи- өлкетану клубы  мүшелері жерлес ақындарымыздың өлеңдерін оқыды.

«Асыл қазына» өлкетану клубы бойынша №2 калалық кітапхана  «Табиғатым-тал бесігім» атты  кітапханалық квилт ұсынды. Өлкеміздің керемет  табиғаты , мөлдір суы, тау-тасы  жайлы айтты.

 

Бурабай тұнып тұрған сурет, сөйлеп тұрған сурет» атты «Асыл қазына» өлкетану клубы аясында виртуалдық бейне-ролик ұсынылды.  Барлығы 6 іс-шара өткізілді. Оған  800 адам қатысты. Бейне-роликте Бурабай өлкесінің киелі жерлері насихатталды. Кітапхананың фейсбук  парақшасында оқырмандар Бурабай өлкесінің тарихын, сұлу табиғатын  тамашалап, тарихи орындар туралы ақпарат алды.

«Ақмола облысының киелі жерлері» атты фотогалереясын Каражар ауылдық кітапханасының кітапханашысы ұсынды. Бұл жерде тарихи ескертіштер, киелі жерлер картасы , аймақтық маңыздары бар жерлер туралы айтылды.

Златополье ауылының кітапханашысы туған өлкенің көркем жерлері мен аңыздары ұсынылған”Бурабай аңыздары” атты өлкетану сағатын дайындады.

Зеленый бор ауылының кітапханашысы “Қазақстан қорықтары” онлайн–шолуын өткізді, онда он қорық аймағы бар біздің кең байтақ еліміздің ландшафттарымен және олардың әрқайсысының ішінде қайталанбас табиғи пейзаждарымен таныстырды. “Асылқазына” өлкетану клубының жұмысы аясында Бурабайдың киелі жерлері туралы, Абылай ханның курылтай өткізген жері, әскери жиындар, жұмылдыру және басқа да ауқымды іс-шаралары туралы көрсетілген “Абылайханның Қызылағашы” атты онлайн-шолу өткізілді.

«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы

Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық тағамдарды дәріптеп, насихаттау жас ұрпақ тәрбиесіне,ұлттық сананың қалыптасуына зор септігін тигізеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы бойыншадайындалған ұмытылып бара жатқан қазақ асханасының бірегей тағамдары туралы бейнероликтерін Мәдениет ауылының кітапханашысы «Қарын бөртпе» ұлттық тағамын ұсынса, Баянбай және Кенесары кітапханашылары «Жаужүрек» тағамын дайындады.

Сонымен қатар Первомай ауылыының кітапханашысы «Бұжы –тіл үйірер дәмді ас» бейне ролигін ұсынды. Рухани құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу- мәңгілік ұлттың кепілі. Өмірлік салтымызға енген дәстүрлер ұлттық ерекшелігімізді сақтау үшін өте маңызды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы бойынша ОАК және №3 калалық филиалының кітапханашылары  қазақтың фольклорлық мұрасын зерттеуші Мұхтар Мағауиннің , ұлттық дәстүрлерімен тығыз байланысты «Аласапыран» роман-дилогиясы бойынша кітап трейлерімен танымдық сағатын өткізді.

Қазақтың фольклорлық мұрасын зерттеуші Мұхтар Мағауиннің «Көк мұнар» кітабы бойынша буктрейлерін  Златополье ауылдық кітапханашысы ұсынды. Сонымен қатар Ұрымқай ауылының кітапханшысы  М.Мағауиннің  «Қобыз сарыны»  кітабына танымдық тәрбие сағатын ұсынды.

                                                                                                            Халқымыздың ең ежелгі де аса бай мәдени мұрасы- мақал-мәтелдер. Жастарға өнер -білім, тіл үйретуде мақал-мәтелдің мәні аса зор. Бурабай ОКЖ  «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жоба аясында «Мақал -сөздің мәйегі» айдары бойынша мақалдарды оқырмандарға ұсынды.

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»

«Цифрлық Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ұлы даланың фольклоры-цифрлы форматта»көрмесі жарияланды.Көрмеде қазақ фольклорының кітаптары: ” Қыз Жібек ” поэмасы,  « Сорок батыров Крыма” батырлар туралы поэма, «Алпамыс», «Қобыланды» эпосы, Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері», «Едіге эпосы», «Орақ -Мамай» «Қарасай-Қази», «»Әй, Абылай, Абылай» эпосы, Шәкірімнің «Еңлік -Кебек»  шығармалар жинағы, «Ләйлі-Мәжнүн», «Қалқаман-Мамыр», «Шора Батыр» поэмасы.

Онлайн-пайдаланушыларға  қазақтың эпостық асыл мұраларын оқуға мүмкіндік болды. Сондай ақ, біздің онлайн пайдаланушылар назарына   «Батырлар-ел қорғаны» атты батырлар жырын оқу марафоны бастау алды. Кітапханашылар «Ер Тарғын» эпосын оқып, батырдың ерлік жолын, халықты ауыр кезеңде қорғап,  ержүректілік көрсеткен тұлғалық бейнесін аша білді. 13 оқу марафоны болып өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған